Даниялық ғалымдар 25 жыл бойы әртүрлі спорт түрлерінің адам денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына әсерін зерттеген. Нәтижесінде ұзақ өмір сүруге оң ықпал ететін спорт түрлерінің бірі үлкен теннис екені анықталды.
Зерттеуге сәйкес, тенниспен тұрақты айналысатын адамдардың өмір жасы орта есеппен 9,7 жылға дейін ұзаруы мүмкін. Бүгінде облыста бұл спорт түрімен 600-ге жуық адам шұғылданады. Олардың қатарында балалар да, ересектер де бар. Теннис адамның денсаулығына қалай әсер етеді? Толығырақ Ақтоты Өркешбаева айтып береді.