Сондай-ақ, облыста «Түнгі қала - қауіпсіз балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Рейд барысында полиция қызметкерлері түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген жасөспірімдерді анықтады. Төрт күнге созылған іс-шара кезінде ішкі істер органдарына 260-тан астам жасөспірім жеткізілді. Сонымен қатар бала тәрбиесіне салғырт қарап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген 25 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полицейлердің айтуынша, мұндай рейдтер жазғы демалыс кезінде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Оның басты мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Айта кетейік, жазғы демалыс басталғалы, яғни маусым айының басынан бері жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде полиция бөлімшелеріне 6 мың 500-ден астам жасөспірім жеткізілген.
ТҮНГІ УАҚЫТТА КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН 260-ТАН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ