Өңірде бекіре тұқымдас балықтарды көбейту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір бекіре балық өсіру зауытында 1000 жуық аналық және аталық балық күтіп-бапталуда. Зауыт мамандары осы балықтардан уылдырық алып, шабақтарды жасанды түрде өсіреді. Кәсіпорынның мүмкіндігі жылына 3 миллион 700 мыңға дейін шабақты табиғи су айдындарына жіберуге жетеді. Арна тілшісі аймақтың төл кәсібі балық қорын молайту бағытындағы жұмыстармен танысып келді. Бейнесюжетке назар салайық.