Ұлы даланың тарихы, салт-дәстүрі мен рухы сахна төрінде би арқылы өрнектелді. «Астана Балет» театры Батыс Қазақстан өңіріндегі гастрольдік сапарын Атыраудан бастады. Елордалық өнер ұжымының алғашқы қойылымы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өтті.