Жыл басынан бері облыста әйелдерге қатысты 126 құқықбұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,8 пайызға көп. Ал полицияға отбасылық жанжалдарға байланысты екі жарым мыңға жуық хабарлама келіп түскен. Мамандар мұндай көрсеткіштер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлі де өзекті мәселе екенін көрсететінін айтады. Бұл мәселе облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысында талқыланды.