Қазақстанда неке саны азайып, ажырасу көрсеткіші артып келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы елде 114 мыңнан астам неке тіркелген. Бұл - соңғы жиырма жылдағы ең төмен көрсеткіштердің бірі. Ал ажырасу саны 45 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда көбейген.

Биылғы жылдың алғашқы үш айында ғана елімізде 11 мыңнан астам отбасы ресми түрде некесін бұзған. Сарапшылар мұны қоғамдағы әлеуметтік өзгерістермен және отбасы құндылықтарына деген көзқарастың өзгеруімен байланыстырады. Ал өңірдегі ахуал қандай