29-30 маусым күндері Астанада «Президенттік тест» жаттығулары мен сынақтарының республикалық жарысы өтті. Додаға Атырау облысынан 22 спортшы қатысып, командалық есепте жүлделі екінші орынды иеленді. Жеңіспен оралған спортшыларды әуежайда туған-туыстары, жақындары мен әріптестері салтанатты түрде қарсы алды.