Қазақстанда антибиотиктерді дәрігердің рецептісіз сатуға бақылау күшейді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шара антибиотиктерді орынсыз қолдануды азайтып, халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған. Мамандардың айтуынша, бүгінде кейбір дәріханалар мен интернет-платформаларда антибиотиктер әлі де рецептсіз сатылып келеді. Енді мұндай заңсыз саудаға бақылау күшейтіліп, тұрақты мониторинг жүргізілмек.
АНТИБИОТИКТЕРДІ САТУҒА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙЕДІ