Қалада бір күннің ішінде дронның көмегімен абаттандыру ережесін бұзудың 10-нан астам дерегі анықталды. Заң бұзушылықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен кезекті рейд кезінде тіркелді. Іс-шара барысында мамандар тұрмыстық қалдықтарды шығару тәртібінің сақталуын қадағалап, тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстау мен қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандардың мәліметінше, жыл басынан бері өңірде абаттандыру қағидаларын бұзудың 2 мың 800-ге жуық фактісі тіркелген. Жауапты сала өкілдері мұндай рейдтер алдағы уақытта да жалғасатынын айтады. Негізгі мақсат - заң бұзушыларды анықтау ғана емес, тұрғындардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттырып, қалада экологиялық мәдениетті қалыптастыру.