Қазіргі таңда қоғамда жеке деректердің таралуы, интернет-алаяқтық, кибербуллинг, тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбек құқықтарының бұзылуы секілді мәселелер жиі көтерілуде. Осындай жағдайда адам құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін жетілдіру ерекше маңызға ие. Жаңа Конституция осы бағыттағы құқықтық негізді нығайтып, азаматтардың заңмен қорғалу деңгейін арттыруды көздейді.