1 шілдеден бастап елімізде «Береке Fest» республикалық акциясы басталды. Акция аясында тұрғындар азық-түлік пен күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды 10-нан 25 пайызға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Жеңілдік күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдеріне, әлеуметтік маңызы бар тауарларға және тұрмыстық химия өнімдеріне қолданылады. Акция жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай жасалған.