Балалардың өмірінде интернет күнделікті қолданыстың бір бөлігіне айналды. Алайда оның пайдасымен қатар қауіпі де аз емес. UNICEF жүргізген KazKids Online зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы балалардың 21 пайызы интернетте кибербуллингке ұшыраған. Әр жетінші бала қорлайтын немесе жағымсыз хабарламалар алғанын жеткізсе, 15 пайызы күн сайын зиянды контентке тап болады екен. Сонымен қатар, балалардың 10 пайызы әлеуметтік желіде бұрын танымайтын адамдарды достар қатарына қосқан.Желідегі қауіптен баланы қалай қорғаймыз? Толығырақ сюжеттен көрейік.