Қаржыны дұрыс басқару бүгінде әр адам үшін маңызды. Табыс пен шығынды жоспарлап, ақшаны орынды жұмсай білу - қаржылық сауаттылықтың басты көрсеткіші. Дегенмен, бүгінде қарызды несиемен жабу, азық-түлікті пайызсыз бөліп төлеумен сатып алу қалыпты жағдайға айналған. Мұны кейбірі қымбат­шы­лық қысқан замандағы күнкөріс қамы деп жатады. Ал атыраулық жастар бұл мәселеге қалай қарайды? Тілші тарқатсын.