Көп ата-ана баласы сырқаттанғанда ғана дәрігерге жүгінеді. Алайда мамандар аурудың алдын алып, оны ерте анықтаудың ең тиімді жолы - профилактикалық тексеруден уақытылы өту екенін айтады. Бүгінде 18 жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін медициналық қызметтердің басым бөлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы тегін ұсынылады. Дегенмен бұл мүмкіндікті толық пайдаланбайтын ата-аналар әлі де бар.