Шаһардағы колледждердің бірінде түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті. «Ақ жол саған, жас түлек!» атты салтанатты шарада 264 студентке арнаулы орта білім туралы диплом табысталды. Олардың сегізі оқу орнын үздік аяқтап, қызыл дипломға ие болды.