Атырау жастар театрында орыс классигі Николай Гогольдің әйгілі «Өлі жандар» шығармасының желісі бойынша сахналанған камералық қойылымның премьерасы өтті. Сахналық туындыда Гоголь шығармасының негізгі идеясы мен мазмұны сақталғанымен, көрерменге жаңа режиссерлік шешіммен ұсынылды. Камералық формат актерлер мен көрермен арасындағы байланысты жақындатып, кейіпкерлердің болмысын, қоғамдағы өзекті мәселелерді әсерлі әрі шынайы жеткізуге мүмкіндік берді.