Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылдық округінде жаңғыртудан өткен теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Салтанатты шараға әкімдік пен теміржол саласының өкілдері, ардагерлер және ауыл тұрғындары қатысты. Жоба Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.