Атырауда әке мен ұл арасындағы сыйластық пен бірлікті дәріптеген ерекше сайыс өтті. «Біз бірге жеңеміз» жобасы аясында ұйымдастырылған шарада 10 отбасылық команда боулингтен бақ сынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл отбасылық құндылықтарды спорт арқылы насихаттаудың жаңа форматы.