Аймақта ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны жыл сайын артып келеді. Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, бүгінде өңірде осындай 7 мыңнан астам бала тіркелген. Оның 5 мыңнан астамы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған.Балаларға көмек көрсету үшін облыста 19 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Соған қарамастан, кейбір түзету кабинеттерінде кезек сақталып отыр.