Өңірде мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Тіл шебері» атты облыстық байқау ұйымдастырылды. Іс-шараны облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы бірлесе өткізді. Байқауға қала және аудандардан келген үш тілді еркін меңгерген 9 мемлекеттік қызметші қатысып, өзара бақ сынады.