Атырауда Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Кітап менің өмірімде» атты ойталқы кеші ұйымдастырылды. Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өткен басқосуда мемлекеттік қызметшілер кітап оқудың жеке тұлғаның қалыптасуы мен кәсіби біліктілікті арттырудағы маңызы туралы пікір алмасты.