Облыстағы пәтер иелері кооперативтерінің қайта тіркелуіне санаулы уақыт қалды. Заң талаптарына сәйкес, олар 15 шілдеге дейін өз мәртебесін растап, құжаттарын жаңартуы қажет. Әйтпесе, кооперативтер сот шешімімен таратылуы мүмкін. Қазіргі таңда өңірдегі көптеген кооперативтер қайта тіркеуден әлі өтпеген.