Жазғы демалыс басталысымен көптеген оқушылар мен студенттер ақша табу үшін жұмыс іздей бастайды. Алайда жұмысқа орналасу кезінде алданып қалатын жастар да аз емес. Кейбірі уәде етілген жалақысын ала алмай жүрсе, енді бірі тағылымдамадан өтесің деген сылтаумен тегін жұмыс істеуге мәжбүр болады. Ал осындай жағдайда қалған жастар не істеуі керек? Ақысыз тағылымдамадан өткізу, заң талаптарына сай ма?