Заманауи медициналық жабдықтар көптеген патологияны сәби дүниеге келмей тұрып-ақ анықтауға мүмкіндік береді. Алайда диагностиканың дәлдігі маманның біліктілігіне тікелей байланысты. Осы мақсатта Атырауда италиялық профессор Тулио Гидің қатысуымен пренаталдық диагностика бойынша халықаралық шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Бірнеше күн бойы ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері ұрықты тексерудің заманауи әдістерін меңгеріп, күрделі клиникалық жағдайларды талқылауда.