Жол, көше жарығы және қоқыс шығару мәселесі. Көкарна ықшам ауданындағы 5-өткел көшесінде тұратын тұрғындар осы түйткілдерді бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Олардың айтуынша, жаңбырлы күндері көше батпаққа айналып,жүру қиындайды. Ал түнгі уақытта көшеде жарық жоқ. Бұл бойынша қаладағы жауапты мекеме өкілдері тұрғындармен кездесіп, көтерілген мәселелерге қатысты түсінік берді. Толығырақ әріптесім Ақтоты Өркешбаева баяндайды.