ҚР Президенті Телерадиокешенінің 30 жылдығына орай «Хроникадан болашаққа» атты ауқымды кинолекторий басталды. 15–22 маусым аралығында деректі туындылар Ақтау, Атырау, Орал және Ақтөбе қалаларында көрермен назарына ұсынылады. Өңірде төрт фильм көрсету жоспарланған. Олардың қатарында экологиялық мәселелерді, әлеуметтік тақырыптарды және ел бірлігін арқау еткен туындылар бар.