Бекіре тұқымдас балықтар сиреп, соңғы бір ғасырда Каспий итбалығының саны төрт есеге жуық азайған. Климаттың өзгеруі мен браконьерлік те теңіздің бірегей экожүйесіне қауіп төндіріп отыр. Каспийдің биологиялық ресурстарын қалай сақтап қалуға болады және балық шаруашылығын дамытуға қандай технологиялар көмектеседі? Бұл мәселелер Атырауда өткен «Қазыналы Каспий» халықаралық форумында талқыланды. Басқосуға Каспий маңындағы бес мемлекеттің өкілдері қатысты.