Жаз мезгілінде жіті ішек инфекциялары мен тамақтан улану қаупі артады. Сондықтан қоғамдық тамақтану орындары мен көше бойындағы дүңгіршектерден тағам тұтынғанда сақ болған жөн. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандарының мәліметінше, өңірде тамақтан уланудың соңғы екі жағдайы екі жыл бұрын тіркелген. Ал өткен жылы және биыл мұндай дерек анықталмаған. Дегенмен бұл қауіп жоқ дегенді білдірмейді. Әсіресе күн ыстықта тағамның тез бұзылуы түрлі инфекциялардың таралуына себеп болуы мүмкін.