Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - патрульдік полиция қызметкерлерінің негізгі міндеті. Олар күн сайын қала көшелерінде тәртіпті бақылап, тұрғындардың тыныштығы үшін қызмет етеді. Атырау қалалық полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының инспекторы Жандарбек Берік осы салада 11 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бала күнінен тәртіп сақшысы болуды армандаған ол бүгінде қала көшелеріндегі қауіпсіздікке жауапты мамандардың бірі.