Атырау қаласы прокуратурасының бастамасымен және мемлекеттік органдардың қатысуымен Алмалы ауылдық округінде республикалық «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұрғындар түрлі сала мамандарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық және әлеуметтік кеңестер алды. Айта кетейік, аталмыш акция - халыққа тегін құқықтық көмек көрсету және тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.