Интернет арқылы сауда жасау бүгінде қалыпты жағдайға айналды. Алайда онлайн сатып алушылардың көбеюі кибер алаяқтардың да санын арттырып отыр. Мәселен, жыл басынан бері облыста интернет-алаяқтықтың 400-ден астам дерегі тіркелген. Мұндай алаяқтық схемалар қалай жүзеге асады және тұрғындар неліктен әлі де қаскөйлердің арбауына түсіп жүр? Мәселені тілші анықтап көрді.