Өңірде медицина саласының тарихы мен дамуын қамтитын «Атырау медицинасының энциклопедиясы» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Бірегей басылымда өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасу кезеңдері, алғашқы медицина қызметкерлерінің еңбегі және саланың дамуына үлес қосқан тұлғалардың өмір жолы жинақталған.