Диплом бар, бірақ жұмыс жоқ. Бүгінде жұмыс берушілер кадр тапшылығын алға тартқанымен, үміткерден міндетті түрде тәжірибе талап етеді. Ал жоғары оқу орнын енді ғана бітірген жас мамандардың біліктілігі көбіне жұмыс берушілердің талаптарына толық сәйкес келе бермейді. Осылайша, мыңдаған түлек өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмай, не кез келген жұмысқа орналасуға мәжбүр, не болмаса айлап, жылдап алғашқы жұмыс орнын іздеумен уақыт жоғалтады. Бұл мәселе өңірде де өзекті болып отыр. Толығырақ арна тілшісі дайындаған сюжеттен көрейік.