Енді адамды өз еркінен тыс некеге тұруға мәжбүрлегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде адамды күш қолдану, қорқыту, бопсалау, мүлкін бүлдіру немесе өзге де қысым көрсету арқылы некеге мәжбүрлеуге қатысты жаңа заңнамалық өзгерістер қаралды. Қазір елімізде осы санат бойынша 19 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ал құқық қорғау органдарының мәліметінше, кейбір өңірлерде мұндай деректер ресми түрде тіркелмеген.