«Астана – менің Отаным» әлеуметтік туры аясында 40 атыраулық оқушы үш күнге елордаға жол тартты. Облыстық білім беру басқармасы ұйымдастырған жоба балалардың туған елдің тарихы мен мәдениетін жақынырақ тануына мүмкіндік береді. Сапар барысында олар Астананың көрікті жерлерін аралап, түрлі танымдық және мәдени іс-шараларға қатысады. Толығырақ Асылан Мәлік айтып берсін.