Қазақстандықтардың басым бөлігі ай сайынғы табысының жартысынан көбін несие төлеуге жұмсайды. Ұлттық банктің тапсырысымен жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 38 пайызы ай сайын несиеге 100 мың теңгеден астам қаржы төлейді екен. Ал кейбір азаматтардың несие төлемі жалпы табысының 50 пайызына дейін жетеді. Қаржылық қиындыққа тап болмас үшін қандай қағидаларды ұстанған жөн? Мамандар қарыз жүктемесін азайтудың қандай жолдарын ұсынады? Толығырақ келесі сюжетте.