Жыл басынан бері Атырау облысында теміржол өткелдерінде үш жол-көлік оқиғасы тіркелген. Адам шығыны болмағанымен, мұндай жағдайлар пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты жүргізушілерге ережелерді түсіндіру мақсатында «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясы ұйымдастырылды.