Атыраулық оқушылар Астанада өткен республикалық олимпиадада үздік нәтиже көрсетті. 7–8 сынып оқушыларына арналған білім додасында облыс құрамасы жалпыкомандалық есепте бас жүлдені иеленді. Өңір намысын қорғаған 19 оқушының 17-сі жүлделі орыннан көрініп, 4 алтын, 8 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Дарынды оқушыларды теміржол вокзалынан ата-аналары мен ұстаздары сән-салтанатпен қарсы алды.