Ертең күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамы басталады. Осыған орай өңірдегі мал базарларында сауда қарқынды жүріп жатыр. Құрбандыққа арналған қой, қошқар, тоқты және ірі қара арнайы орындарға жеткізіліп, тұрғындарға сатылымға шығарылды. Қой мен ірі қара бағасы қаншадан? Жалпы құрбандыққа малды қалай таңдаған дұрыс? Асылан Мәлік айтып берсін.