Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы мен олардың қоғамға тигізіп отырған пайдасы кеңес отырысында талқыланды. Жиында әлеуметтік жобалардың тиімділігі, бөлінген қаржының нәтижесі және мемлекеттік органдармен байланыс мәселелері көтерілді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Дарын Шаммұратов, басқарма басшылары, кеңес мүшелері және аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.