Облыс әкімі Серік Шәпкенов Ұлы Отан соғысының ардагері, аты аңызға айналған марқұм майдангер Кенжебай Мәденовтің отбасымен кездесті. Даңқты жауынгерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі «Халық қаһарманы» атағы берілген еді. Сондай-ақ, «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісі және “Отан” орденімен марапатталды.