Қазақстанда түлектерге арналған қымбат мейрамхана, кортеж, ақша жинау секілді шараларға ресми түрде шектеу қойылды. Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, енді мектеп бітіру кештері тек білім ордасының қабырғасында, қарапайым түрде ұйымдастырылуы тиіс. Бұл шешім қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бірі қолдаса, енді бірі балалардың көптен күткен қуанышты сәті шектеліп отырғанын айтады.