«ABU OPEN CUP» Республикалық ашық турниріне 300-ден астам спортшы жиналды. Еліміздің әр өңірінен келген жас балуандар өзара бақ сынап, шеберлік пен жігердің жарқын үлгісін көрсетті. Дүбірлі дода жас спортшыларға үлкен тәжірибе сыйлап қана қоймай, достық пен спорттық рухты дәріптеген маңызды алаңға айналды.