Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Ассамблея жастары арасында әзіл - сықақ сайысы өтті. "Assembly KTA - 2026" атауымен ұйымдастырылған шараға өңірдің әртүрлі этнос өкілдерінен құралған 8 команда қатысты. Ойыншылар бірлік пен татулықты дәріптей отырып, күнделікті өмірдегі түйткілдерді креативті қойылымдар арқылы көрсете білді. Мәселен, тұрмыстық жағдайлар, жастар мәселесі, әлеуметтік желінің әсері сынды тақырыптар әзілмен өріліп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.Сайыстың басты мақсаты - қоғамдағы өзекті мәселелерді сахнада әзілмен жеткізіп, көрерменге ой салу.