«Иверия» би ансамблі түрлі ұлт өкілдерін өнер арқылы біріктіріп келеді. Ансамбльдің негізгі мақсаты – ұлттық дәстүрлерді сақтау және жас ұрпаққа дәріптеу. Грузин этномәдени бірлестігі жанынан құрылған ұжымның қатарында жүзден астам биші өнер көрсетеді. Олардың қатарында қазақ, орыс, армян, әзербайжан және өзге де ұлт өкілдері бар.