«Stop трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 16 құқықбұзушылық дерегі анықталды. Атап айтсақ, 11 азамат қоғамдық орындарды тәртіп бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ, жезөкшелікпен айналысу және интимдік қызмет үшін үй-жай ұсыну, яғни ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 450 - ші бабы бойынша 5 дерек тіркелген. Іске қатысы бар тұлғалар полиция органдарына жеткізіліп, олармен профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және заң талаптарын қатаң ұстануға шақырады. Себебі, заңсыз әрекеттердің алдын алу - әр азаматтың ортақ міндеті.