Мыңға жуық Құрманғазылықтар Бірлік күнін тойлады. «Кең байтақ жеріміз – татулық тұрағы» атты мерекелік шарада әр ұлттың мәдениетін танытқан көріністер қойылды. Сонымен қатар, жәрмеңке ұйымдастырылып, онда жергілікті кәсіпкерлер мен шаруалар өз өнімдерін ұсынды.