Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясаттың тұжырымдамасы талқыланды. Жиынға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, саяси партия мүшелері, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, комплаенс-офицерлер мен Әдеп жөніндегі уәкілдер, сондай-ақ академиялық орта мен қоғам белсенділері қатысты. Олар алдағы кезеңге арналған маңызды құжаттың мазмұнына қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.