Өңірде алғаш рет ұйымдастырылған “Atyrau Volunteer Fest” фестивалі 7 мыңға жуық жастың басын қосты. Фестиваль бағдарламасы бірнеше бағытты қамтыды. Атап айтсақ, экология, төтенше жағдайлар, әлеуметтік және өнер саласы, медицина, жануарларға көмек. Іс-шара аясында танымал спикерлермен кездесулер өтіп, жастар еркін форматта пікір алмасты. Кешкісін іс-шара гала-концертпен қорытындыланды.