Өңірде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде тойланды.
Сұлтан Бейбарыс алаңына жиналған
қала тұрғындары мен қонақтары әр халықтың бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрін және ұлттық өнерін тамашалады.
Ал "Бірлікте гүлденген Ұлы дала" атты мерекелік концертте жергілікті өнерпаздар ән мен билен шашу шашты.